
Түркістандық жастар Алматыға әскерге аттанды.
Түркістан қаласындағы көпфункционалды туристік кешен – «Керуен-сарай» аумағында ҚР Қарулы күштері қатарына әскерге шақыру науқаны аясында Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтына 46 жас өренді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Бүгінгі таңда облыстан 721 азамат әскер қатарына шақырылғанын атап өтті. Оның ішінде ҰҚК Шекара қызметіне 230-дан астам, Мемлекеттік күзет қызметіне 35 азамат жіберілген. Ал Құрлық әскерлері әскери институтына 46 жас сарбаз салтанатты түрде аттандырылып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-qorgau/press/news/details/1211808?lang=kk

Жауап қалдыру