Үстел теннисінен ардагерлер арасында қалалық жарыс өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы әкімдігі мен қалалық Ардагерлер кеңесінің “Белсенді ұзақ өмір” іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылы 28 сәуір күні Шаңырақ-1 ықшам ауданындағы √169 мектеп-лицейінде үстел теннисінен ардагерлер арасында қалалық жарыс өтті. Жарыс қорытындысы бойынша:
– Әуезов ауданының командасы – 1 орынды,
– Медеу ауданының командасы – 2 орынды,
– Бостандық ауданының командасы – 3 орынды жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздары Алматы қалалық Ардагерлер кеңесінің грамоталарымен және заттай сыйлықтармен марапатталды. Өз кезегінде Алатау аудандық Ардагерлер кеңесі мектеп ұжымымен бірлесіп жарысқа қатысушыларға дастархан жайып, мақтау қағаздарымен марапаттады. Жарыс тартысты әрі ұйымшылдықпен жоғарғы деңгейде өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1211307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді