VIIІ шақырылған қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін VIII шақырылымдағы қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасары Алмас Ұлан Алмасұлы және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, салық салу мақсаттары үшін қала аумағын аймақтандыруға қатысты бұрын қабылданған 2021 жылғы 30 наурыздағы № 3/28 шешімнің күші жойылды деп танылып, осы бағытта жаңа аймақтандыру схемасы бекітілді. Сонымен қатар, әлеуметтік қолдау саласына ерекше назар аударылып, Приозерск қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі, оның мөлшерін айқындау және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу қағидалары қаралып, бірқатар нақты ұсыныстар ортаға салынды. Бұдан бөлек, қала әкімдігінің тиісті жұмыс комиссиялары мен сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелерді бірауыздан мақұлдап, оларды кезектен тыс сессияның қарауына ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1210973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді