Заң және Тәртіп: кәсіпкерлермен ашық диалог және салық заңнамасындағы жаңа өзгерістерді түсіндіру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 сәуірде Петропавл қаласында «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру аясында «Кәсіпкерлермен диалог» және «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс» тақырыптарында бірлескен іс-шара өтті.

Кездесуді өткізудің бастамашысы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы болып, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, облыс әкімдігі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру, бизнес субъектілеріне өзекті ақпарат беру, сондай-ақ жаңа нормаларды қолданудың практикалық мәселелерін талқылау болды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер қауымдастығын құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жою жұмыстарына тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай кездесулерді өткізу мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, кәсіпкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және өңірде қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/press/news/details/1211410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді