Жоғарғы Сотта мұрагерлік заңнамасы талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында соттардың мұрагерлік заңнаманы қолдану мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің вице-министрі Ботагоз Шаймардановна Жақселекова баяндама жасап, нотариустардың мұрагерлік істерді жүргізуінің заңнамалық негіздері жөнінде министрліктің ұстанымын таныстырды. Негізгі тақырыптар қатарында «шығып қалған» мұрагерлердің мәртебесі, мұраны іс жүзінде қабылдау өлшемдері және нотариат қызметін цифрландыру мәселелері айтылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша сот және нотариат тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жаңартылған нормативтік қаулысы қабылданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1211828?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді