
Талдыбұлақ ауылдық округінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде аталып өтті
Мерекелік іс-шара барысында ауыл тұрғындары бір шаңырақ астында жиналып, татулық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетті. Кеш барысында әсем әндер шырқалып, ұлттық билер биленіп, түрлі мәдени бағдарламалар ұсынылды.
Сонымен қатар, жастар мен ауыл тұрғындары спорттық ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Бұл күн барша жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте айқындады.
Баршаңызды Бірлік күнімен құттықтаймыз! 🤝

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-taldybulak/press/news/details/1212392?lang=kk

Жауап қалдыру