
Қонаев қаласының мәслихаты барша қала тұрғындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара сыйластық пен бірліктің жарқын көрінісі.
Бүгінде түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ Отанымыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бұл – ел бірлігінің, тұрақтылық пен өзара түсіністіктің нақты нәтижесі.
Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, бақ-береке және еліміздің өркендеуі жолындағы табысты еңбектеріңізге жетістіктер тілейміз!
Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-qonaev/press/news/details/1212069?lang=kk

Жауап қалдыру