
Құрметті қонақтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Әуезов ауданында өтетін мерекелік іс-шараға шақырамыз!
Мереке аясында 20-дан астам этномәдени орталық түрлі елдердің ұлттық тағамдарын, қолөнер бұйымдарын, салт-дәстүрлері мен өнерін ұсынатын болады. Сонымен қатар, этнокөрме, жәрмеңке, сән көрсетілімі мен ұлттық киімдер дефилесі, сондай-ақ шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Өтетін орны: Family Park және «Сарыарқа» сквері
Күні: 1 мамыр
Басталуы: 11:00
Баршаңызды мерекелік шарада қуанышпен күтеміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1211836?lang=kk

Жауап қалдыру