ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 6 мамыр Ақтоғай ауданы әкімдігінің ғимаратында үлкен мәжіліс залында сағат 11-00-де VIІІ шақырылған Ақтоғай аудандық мәслихаттың кезектен тыс L (50) сессиясы шақырылады.
Сессия Күн Тәртібінің қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай аудандық бюджеті туралы» № 234/42 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы – Жумагулова Куляйм Қайырқызы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Ақтоғай ауылдық округінің бюджеті туралы» №239/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауылдық округінің әкімі – Жусупов Аслан Қалқаманұлы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Қараоба ауылдық округінің бюджеті туралы» №241/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Қараоба ауылдық округінің әкімі – Кетиков Ризабек Рыспекұлы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Қожамжар ауылдық округінің бюджеті туралы» №244/43 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Қожамжар ауылдық округінің әкімі – Тезекбаев Серік Құтайбергенұлы.
- Мүткенов ауылдық округі әкімінің қарауына жер учаскелерін қосымша беру бойынша бекіту туралы.
Баяндамашы: Ақтоғай ауданының жер қатынастар бөлімінің басшысы – Абылшайықов Айбек Қанағатұлы.
- Ақтоғай аудандық мәслихатының «Ақтоғай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 219/37 шешімі күші жойылды деп тану туралы.
Баяндамашы: Баяндамашы: Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы – Неғметолла Қолғанат Ерланұлы.
- Әр түрлі мәселелер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-aktogay/press/news/details/1212389?lang=kk

Жауап қалдыру