
Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты бақылау жүргізеді. 2026 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша аса қауіпті инфекциялар тіркелмеген. Сонымен қатар бірқатар жұқпалы аурулар бойынша төмендеу байқалғанымен, қызылша ауруының денгейі көтерілу байқалды. Аурудың басым бөлігі балалар арасында кездеседі және науқастардың көпшілігі вакцина алмаған. Сонымен қатар туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда төмендеген.
Өңірде вакцинациялау жұмыстары жанданып келе жатқанымен, жоспарлы екпелермен қамту деңгейі әлі де жеткіліксіз. Әсіресе Ақтау қаласы мен бірқатар аудандарда көрсеткіш төмен. Екпеден бас тарту деректері де өсіп отыр.
Осыған байланысты облыс әкімі халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, екпемен қамтуды арттыру, медициналық ұйымдардағы мониторингті жүйелеу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Жиынды қорытындылаған Нұрдәулет Қилыбай санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, вакцинациялау қарқынын арттыру бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1211964?lang=kk

Жауап қалдыру