Айыппұл жойылды, шенеунік жазаланды: Қызылордада прокуратура инвесторға заңсыз қысым көрсетуді тоқтатты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуратурасы ҚР БП Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен өңірлік Экология департаменті қызметкерлері тарапынан инвесторды әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту дерегін анықтады.

Аталған заң бұзушылық инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізілген талдау барысында анықталды.

Тексеру нәтижесінде Экология департаментінің лауазымды тұлғалары инвесторды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 139-бабы бойынша прокурордың міндетті келісімінсіз әкімшілік жауаптылыққа тартқаны белгілі болды. Бұл – заңнама талаптарының тікелей бұзылуы болып табылады.

Еске салайық, «прокурорлық сүзгі» тетігі шеңберінде инвесторларға қатысты кез келген әкімшілік ықпал ету шаралары міндетті түрде прокуратура органдарымен келісуді талап етеді.

Прокуратураның наразылығы негізінде айыппұл салу туралы заңсыз қаулының күші жойылып, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, бұзушылыққа жол берген Экология департаменті бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша оған 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Прокуратура кез келген инвесторларға қатысты заңсыз қысым көрсету әрекеттеріне қатаң құқықтық баға берілетінін және бизнесті қорғау қадағалау органының негізгі басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Қызылорда облысының Табиғат қорғау прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.

 

 

Қызылорда облысының

Табиғат қорғау прокуратурасы

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1212161?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді