Акмола облысының құтқарушылар қатары толықты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласында азаматтық қорғау органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлердің Ант қабылдауына арналған салтанатты іс-шара өтті. Рәсім Абылай хан алаңында ұйымдастырылды.

Жаңадан қабылданған 20 қызметкер Қазақстан Республикасына және қызметіне адал болуға Ант берді. Іс-шараға департамент басшылығы, бөлімшелердің жеке құрамы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.

Ақмола облысы ТЖД бастығы Бакытжан Алашов жас қызметкерлерді өмірлері мен қызметтеріндегі маңызды кезеңмен құттықтап, парызға адал болу мен қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ардагерлер де ақ жол тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

Ант қабылдау – қызметкерлердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең. Ол қызметтік міндеттерді адал орындауға, заң талаптарын қатаң сақтауға және халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында абыроймен қызмет етуге дайын екендіктің белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-akmola/press/news/details/1212612?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді