
«Алакөл аудандық кітапханасы» 23 сәуір Ұлттық кітап күні мерекесіне орай өткен шаралар мәліметі
Алакөл аудандық орталық кітапханасында 23 сәуір “Ұлттық кітап күні “ мерекесі аясында кітапханамызда мазмұнды да тағылымы мол бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Апталық «Кітап – ғасырлар мұрасы» атты кітап апталығының ашылу салтанаты және кітап жәрмеңкесімен бастау алып, оқырмандарға ерекше рухани мереке сыйлады. Сонымен қатар, кітап көрмелері ұйымдастырылып, жаңа және құнды әдебиеттер көпшілікке кеңінен таныстырылды.
Шаралар легі «Өлкемізді өзгелер де танысын» атты жергілікті ақындармен атап айтсақ Сәдиев Тезекбай, Қазиев Советхан, Нүсіпқан Қадырсұлтан, Жиенбай Ғабитпен кездесу кешімен жалғасып, қатысушылар туған өлкенің әдеби мұрасымен жақынырақ танысты. «Кітап оқыған озар» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырылып, оқырмандар кітап әлемінің қыр-сырына қанықты.
«Қалтадағы жыр шашу» акциясы аясында тұрғындар кез келген ақындардың шығармаларынан үзінді оқып, поэзияға деген қызығушылықтарын арттырды. Ал «Кітап – ұлттық құндылық» атты кешкі кітапхана шарасы ерекше форматта өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Сонымен қатар, аудармашы Абзал Сүлейменмен «Желге ұшқан түстер» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылып, аударма саласының ерекшеліктері мен маңызы кеңінен насихатталды.
Апталықтың қорытындысы ретінде «Кітап – білімнің қазынасы» атты оқырман күні өткізіліп, белсенді оқырмандар марапатталды.
Осылайша, Ұлттық кітап күніне арналған іс-шаралар кітаптың қоғамдағы маңызын айқындап, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1212789?lang=kk

Жауап қалдыру