
Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.Самашевпен, Алматы облысы Заң кеңесшілері бас палатасының төрағасы М.Байкуловтың, сондай-ақ Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Сартованың қатысуымен, Әділет департаментінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша және мемлекеттік органдарға заң кеңесшілерінің сұрау салу хаттарының сапалы жолдау мәселелері туралы өзекті сұрақтарды талқылауға арналған жұмыс кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында аталған бағыттағы қолданыстағы заңнама талаптары және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 668-бабына сәйкес заң кеңесшілердің құқықтарын қорғау мәселелері жан-жақты қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1211959?lang=kk

Жауап қалдыру