
Семей қаласы мәслихаты аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Жансая Ракишева Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы «Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының базасында оқудан өтті.
Оқу барысында теориялық және практикалық сабақтар өткізілді. Атап айтқанда, қатысушылар азаматтық қорғау жүйесін ұйымдастыру негіздерін, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібін, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою шараларын, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерді.
Оқу қорытындысы бойынша тыңдаушылар тест тапсырып, азаматтық қорғау саласында оқудан өткені туралы сертификаттарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1212516?lang=kk

Жауап қалдыру