
Алматы қаласында мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Алко-стоп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Рейдтердің алғашқы күндерінде-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда алкоголь ішу, спирттік ішімдіктерді заңсыз сату және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері бойынша ондаған құқық бұзушылықты анықтады.
Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы профилактикаға, сондай-ақ есепте тұрған тұлғаларды бақылауға ерекше назар аударылуда.
Сонымен қатар, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесу бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде.
Полиция мәліметінше, бір күннің өзінде қаланың әртүрлі аудандарында спирттік ішімдіктердің ірі партиялары тәркіленіп, алынған алкоголь өнімдерінің жалпы көлемі 840 литрден асты.
«“Алко-стоп” жедел-профилактикалық іс-шарасы ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Біз алкоголь өнімдерін сату процесіне, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық орындардағы тәртібіне бақылауды күшейттік. Жастар арасындағы профилактикаға және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың алдын алуға ерекше мән берілуде», — деді Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Алматы қаласының полициясы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-almaty/press/news/details/1211858?lang=kk

Жауап қалдыру