
Бүгін Атбасар қаласының №8 жалпы білім беретін мектебінің базасында Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Іс-шара аралас форматта (онлайн және офлайн) ұйымдастырылды.
Отырыс барысында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Жанаргүл Баймакова инклюзивті білім беруді дамытуда жүйелі тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін ерекше айтты.
Отырыс жұмысына Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Қуатбеков., Ақмола облысының білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, сондай-ақ ауданның денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері қарастырылып, қолданыстағы проблемалар талқыланып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Қатысушылар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде тең мүмкіндіктер жасау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1212205?lang=kk

Жауап қалдыру