
Қазіргі қоғамның шынайы жағдайы білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруға өз талаптарын қояды. Қалыптасқан жағдайды талдау мақсатында ТжКБ ұйымдарының басшыларымен, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психологтарымен және әлеуметтік педагогтарымен кездесу өткізілді. Құттықтау сөзбен Ақмола облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Д. Баймакова сөз сөйледі. Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары туралы Білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы А.С. Магавина баяндады. Колледждердегі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысына талдау жасап, психологиялық қолдау орталығының басшысы С.А. Шокимова сөз сөйледі. Психологиялық-педагогикалық қызметтің нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі туралы психологиялық қолдау орталығы басшысының орынбасары, педагог-психолог И.И. Ермуханова таныстырды.
Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, қойылған міндеттерді шешу жолдары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1212243?lang=kk

Жауап қалдыру