
🚨 Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық жедел штабымен ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Ақтөбе қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізілу жоспарлануда.
Оқу-жаттығу шаралары барысында терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
📌 Жүргізіліп жатқан іс-шараға байланысты автокөліктер мен тұрғындардың қозғалысына уақытша қойылатын шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз.
📢 Осы орайда, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
❗Тек ресми ақпаратты басшылыққа ала отырып, жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді ескертеміз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1211925?lang=kk

Жауап қалдыру