
Ақтөбе субұрқақтар маусымына дайындалып жатыр. Биыл мамыр айында кезең-кезеңімен 20 субұрқақ іске қосылады.
🐳Мамырдың алғашқы күндері келесі фонтандар іске қосылады:
• Кереев скверіндегі;
• Темір жол басқармасының алдыңдағы;
• “Нұр Ғасыр” мешітінің алаңындағы;
• Taksim кафесінің жанындағы;
• Орталық стадионның алдындағы (арбат);
• “Ғашықтар” аллеясындағы;
• 12-шағын аудандағы Халық банкінің алаңындағы;
• облыстық сот алдындағы;
• 101-ші атқыштар бригадасы көшесіндегі;
• Әбілқайыр хан мен Ә.Молдағұлова даңғылдары қиылысындағы (“Визави” фонтаны);
• Жилгородоктағы (“Филармония” фонтаны).
🐳Одан кейінгі күндері келесі фонтандар іске қосылады:
• Орталық саябақтағы “Шаңырақ” күмбезі астындағы;
• “Авиатор” саябағындағы;
• “Шалқар” аллеясындағы;
• ”Астана” саябағындағы;
• ”Болашақ” шағын ауданындағы;
• Сазды өзеніндегі (“Керуен” сауда үйі жанында) қалқымалы субұрқақтар.
⛲️Ал Орталық саябақтағы лазерлік және отты элементтері бар музыкалық субұрқақ Қала күні қарсаңында жұмысын бастайтын болады.
📌Тағы бір жақсы жаңалық: Биыл мамыр айында қаламызда жаңа екі фонтан іске қосылады. Бірі – Тәуелсіздік даңғылы бойындағы желілік паркте ашылады. Екіншісі – Автовокзал алдындағы жаңа субұрқақ.
Сонымен қатар, Гуманитарлық колледж ауданындағы және Абай даңғылындағы субұрқақтар жөнделуде. Бұл екеуі кейінірек, жаз айларында іске қосылатын болады.
🐳Еске салсақ, 2024 жылы қалада бар болғаны 6 фонтан істеп тұрды. 2025 жылы істен шыққан көп фонтан жөнделіп, 18-і жаз бойы қосылып тұрды. Ал 2026 жылы 20 субұрқақ қала тұрғындарының көзқуанышына айналмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1211916?lang=kk

Жауап қалдыру