
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға тарихшылар, жас зерттеушілер, кітапхана ісінің мамандары, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан, Словакия және Чехия елдерінен келген ғалымдар қатысты.
Конференция барысында қатысушылар Әлихан Бөкейханның ағартушылық мұрасының қоғамдық-саяси маңызы мен қайраткердің ұлттық ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады.
Сонымен қатар Чехия, Словакия, Франция және Швейцарияның кітапханалары мен музей қорларынан, сондай-ақ шетел архивтерінен табылған құжаттар таныстырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1212864?lang=kk

Жауап қалдыру