Казталов аудандық мәслихаты төрағасының
ШЕШІМІ
Казталов ауылы №39 30 сәуір 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
40 сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 40 сессиясы 2026 жылдың 5 мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында сағат 1530 – ға шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылсын:
- Казталов аудандық мәслихатының «Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары туралы» 2023 жылғы 2 қарашадағы №9-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №12-17 «Сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Казталов аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
- Казталов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №37-17 «2026-2030 жылдарға арналған Казталов ауданының даму жоспары туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Мәслихат төрағасы С. Мулдашев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaztalovka-maslihat/press/news/details/1211901?lang=kk

Жауап қалдыру