“Аягөз ауданының орталық аудандық ауруханасы”ШЖҚ КМК Абай облысы бойынша №3 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімі бірлесіп, семинар-кеңес өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аягөз ауданына көшпелі отырыс барысында № 3 МӘС бөлімімен 24.04.2026 ж. ДКК басшысы және “Аягөз ауданының орталық аудандық ауруханасы”ШЖҚ КМК дәрігерлерімен семинар-кеңес өткізілді.
Тақырып:
1. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы И. Скубтың 27.03.2026 жылғы хаттамалық тапсырмасына сәйкес 31-нысанды толтыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2. Аягөз ауданы бойынша 2026 жылғы 1 тоқсандағы №3 МӘС бөлімінің сараптамалық жұмысын талдау; 031/е нысандарын толтыру кезіндегі негізгі ескертулер.
3. Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз етуге арналған көрсеткіштер.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары.
Семинар-кеңестің соңында қатысушылармен сұрақтар қойылып, оларға жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-abay/press/news/details/1211938?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді