Аягөздегі №1 мектепте облыстық деңгейдегі озық тәжірибе таратылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылғы 28 сәуір күні «Үздік ұйым: озат тәжірибе, кешенді жетістік» тақырыбында «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ және Аягөз ауданы білім бөлімінің «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында облыстық оқу-әдістемелік семинардың өтті.

  Семинардың мақсаты – «Орта білім беретін үздік ұйым-2025» байқауының жеңімпазы мектеп ұжымының озық педагогикалық тәжірибелерін тарату, шығармашылық ізденістерін насихаттау және тәжірибе алмасу болды.

  Семинарға облыс мектептерінен келеген мұғалімдер, әдіскерлер және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Іс-шара барысында семинардың ашылуы ұйымдастырылып «Абай облысы білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ «Педагог кадрларды дамыту» бөлімінің әдіскері Рахимбаева Жанар Кенесбекеовна, Сарсенбина Алия Маратовна және «Абай облысы білім басқармасы»ММ Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Азимбаев Нұргали Тлеккалиұлының алғы сөздері тыңдалды. Семинар барысында «Мектеп командасы – мектептегі көшбасшылықты жетілдіру» жобасы таныстырылды. Пәндер бойынша «Сабақта оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыптары бойынша 6 мұғалім ашық сабақтар көрсетіп, 6 түрлі «Озат педагогикалық тәжірибелер» алаңында шеберлік сыныптары, коучингтер және семинар-практикумдар ұйымдастырылды. Тәрбие бөлімі бойынша «Адал ұрпақ, адал азамат» бағдарламасы аясында 6 түрлі «Креативті идеялар» алаңыжобалары ұсынылып, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу мен кері байланыс жүргізілді.Өткізілген ашық сабақтар мен іс-шаралар барысында заманауи білім беру талаптарына сай жаңа педагогикалық технологиялар тиімді қолданылды. Әсіресе цифрлық білім беру ресурстары, түрлі онлайн платформалар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін кіріктіру арқылы сабақтардың мазмұны байытылып, оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артқаны байқалды.Жалпы, өткізілген сабақтар мен алаңдарда көрсетілген тәжірибелер заманауи білім берудің үздік үлгілерін көрсете алды

  Семинар қорытындысы бойынша іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөліскен педагогтер лайықты түрде марапатталды. Атап айтқанда, ашық сабақтар мен түрлі алаңдарда шеберлік танытқан ұстаздарға арнайы сертификаттар табысталды.

  Бұл марапат педагогтердің кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға болып табылады және олардың шығармашылық ізденісі мен педагогикалық шеберлігін одан әрі дамытуға ынталандырады.

  Семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, педагогтер үшін тәжірибе алмасуға тиімді алаң болды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оң бағасын беріп, әдістемелік қоржындарын толықтырып қайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1212099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді