Балалар және жол: алаңдатарлық статистика және оны СҚО-да полицейлер қалай өзгертіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында балалардың қатысуымен 15 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 18 кәмелетке толмаған жарақат алып, үшеуі қаза тапты.

Көп жағдайда себеп — жүргізушілердің қателігі. Дегенмен балалардың өзі де қауіпке жиі барады: белгіленбеген жерден жолды кесіп өтеді, жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен және самокатпен өтіп жатады.

Полицейлер түсіндіру жұмыстарына жаңа тәсілдер енгізуде — балалармен олардың өзіне түсінікті тілде, интерактивті форматта жұмыс жүргізілуде. «Заң мен Тәртіп» қағидатын қоғамда нығайту аясында прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, облыс орталығы мен аудандарда мыңнан астам оқушыны қамтыған ауқымды қауіпсіздік сабағы өткізілді.

Петропавл қаласында сабақ арнайы жол белгілері мен таңбалары бар алаңда өтті. Полицейлерге жас жол инспекторлары көмектесті. Олар құрдастарына жолда өзін қалай дұрыс ұстау керектігін көрнекі түрде, қозғалыс үстінде, құрғақ дәріссіз көрсетті.

Акцияның негізгі ойы қарапайым: қауіпсіздік — әрбір жол қозғалысына қатысушының қарапайым ережелерді сақтауы мен мұқияттылығынан басталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1212542?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді