Бос жұмыс орындар жармеңкесіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғay министрлігі Халықты әлеуметтік қopғay саласындағы реттеу және бақылау комитетінің, Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ әдіснама және бақылау бөлім басшысының м.а. Е.К. Юн 2026 жылы 16-17 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медицина университеті және С.Асфендияров
атындағы Казақ ұлттық медицина университетінде ұйымдастырылған бос жұмыс орындар жармеңкесіне қатысты.
Кәзіргі уақытта департаментте төрт бос лауазым бар: 2 – медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы, 2 – медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы.
«Б» корпусының, әкімшілік мемлекеттік лауазымдары санаттарына арналған үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмысқа жоғары медициналық білімі, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі ( қоғамдық денсаулық сақтау және/немесе жалпы медицина және/немесе педиатрия және/немесе емдеу ісі және/немесе медициналық профилактикалық іс) бар тұлғалар қабылданады. Осыған байланысты департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама қызметкерлері арасындағы кадр тапшылығын шешу мүмкіндіктері және өзара ынтымақтастықтың болашағы қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1212439?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді