Дәріханалық есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін екі әйел ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші күні жалғасуда. Оны өткізуге 1000-ға жуық полиция қызметкері және 150-ге жуық қызметтік автокөлік жұмылдырылған. Жұмыс күшейтілген режимде жүзеге асырылуда.
Іс-шараның алғашқы күні айтарлықтай нәтиже берді. Полицейлер дәріханалық есірткі заттарының заңсыз айналымына күдікті екі әйелді ұстады.
Бірінші факт Көкшетау қаласында тіркелді. Ақан сері көшесінде облыс орталығының 28 жастағы тұрғынынан жеке тексеру кезінде 11 түрлі дәрілік препарат тәркіленді.
Екінші дерек облыс орталығының Центральный шағын ауданында анықталды. 29 жастағы әйелден белгісіз затты 14 құты, 60 капсула, сондай-ақ вейп құрылғысы тәркіленді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ екі күнінде 9 қылмыс тіркелді.
Сонымен қатар, мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 14 адам жауапқа тартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1212829?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді