
Департамент бүгін Халық Конституциясын насихаттау және ілгерілету бойынша республикалық іс-шаралар жоспарының аясында «Білім беру жүйесінде конституциялық қағидаттарды ілгерілету – білім сапасын арттыру мен құқықтық қорғалуды қамтамасыз етудің факторы» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесуге қаланың білім беру ұйымдарының басшылары, сонымен қатар білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің төрағалары қатысты.
«Жаңа конституцияға негіз болған басымдықтар» тақырыбында Қазақстан Республикасы Параламенті Мәжілісінің депутаты – Нұргүл Тау сөз сөйлеп, қатысушылармен пікір алмасты. TAMOS SPACE мектебінің директоры – Нұрболат Бисенғалиев мектептегі құқықтық мәдениет тақырыбында тиімді кейстермен бөлісті.
Жаңа Ата Заңда білім мен ғылымға басымдық берілуі біздің жұмысымызға жаңа серпін береді. Бұл – келер ұрпақтың сапалы білім алып, озық инновацияларды меңгеруінің құқықтық кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-astana/press/news/details/1211834?lang=kk

Жауап қалдыру