
Конференция жұмысына облыс әкімі Асайын Байханов пен Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев қатысты. Өңір басшысы аға буынның қоғамдық өмірдегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлесін ерекше бағалады.
Облыста 126 мыңнан астам егде жастағы адам тұрады және 672 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Соңғы жылдары зейнетақының орташа мөлшері 40% астамға артты. Әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары жүзеге асырылуда, оның ішінде табысы төмен зейнеткерлерге және 80 жастан асқан ардагерлерге біржолғы төлемдер қарастырылған. «Қамқорлық» акциясы аясында 6 мыңнан астам адам көмек алды, қарттар күніне орай өңірдің 20 мың тұрғынына төлем беру жоспарлануда.
Зейнет жасына жақындаған азаматтарды жұмыспен қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Үш жыл ішінде «Күміс жас» жобасы аясында 2 мыңнан астам адам қамтылды. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту жалғасуда: ауылдық жерлерде 30 медициналық нысан салынды, санитарлық көліктер жаңартылуда, Павлодардағы облыстық оңалту орталығы қайта жаңғыртылуда. «Ардагерлер үйі» орталығы жыл сайын 1,5 мыңнан астам адамды қабылдайды. Жалғызбасты қарттарға арналған тұрақты тұру орталықтары жұмыс істейді, шамамен 2,5 мың адамға арналған бос уақыттарын өткізу орталықтары бар. Облыстық ардагерлер кеңесі мәдени және спорттық іс-шараларды белсенді түрде ұйымдастырады. Соның жарқын мысалдарының бірі – халықаралық байқаулардың лауреаты «Ертіс әуендері» хоры.
Конференция аясында марапаттау рәсімі өтті. Ардагерлер қозғалысының белсенділері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, сондай-ақ Орталық ардагерлер кеңесінің «Құрметті ардагер» белгісімен және үздік бастауыш ұйымдарға арналған дипломдарымен марапатталды.
Конференцияның қорытындысы бойынша 79 адамнан тұратын облыстық ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы жасақталды. Кеңес төрағасы Рымтай Шөкейұлы денсаулық жағдайына байланысты қызметінен босату туралы өтініш білдірді.
Асайын Байханов оған көпжылдық еңбегі үшін алғыс білдіріп, оның басшылығымен ардагерлер кеңесі Павлодар облысында ғана емес, жалпы ел көлеміндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысқанын атап өтті.
Жаңа төраға лауазымына бұрын Павлодар қаласының ардагерлер ұйымын басқарған Кенже Кенесбаевтың кандидатурасы ұсынылды. Облыс әкімі оның алдына қол жеткізілген нәтижелерді сақтау және ардагерлер кеңесінің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ету міндетін қойып, жан-жақты қолдау көрсетуге және сындарлы өзара іс-қимылға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар делегаттар Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымдарының XI съезіне қатысу үшін бес өкілді сайлады.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1212424?lang=kk

Жауап қалдыру