Екібастұздық жас сарбаз республикалық турнирде топ жарды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Жас Сарбаз барысы» республикалық турнирі өтті. Байрақты бәсекеде экибастұздық оқушы айқын басымдықпен топ жарып, жеңімпаз атанды.

27–30 сәуір аралығында өткен жарыста Павлодар облысының намысын Екібастұз қаласындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушісі Төлеген Әли қорғады.

Қазақша күрестен өткен тартысты белдесулер қорытындысы бойынша ол бірінші орынды иеленді. Бұл жеңіс – жас буынның спорттағы табысы ғана емес, олардың бойындағы қайсарлық, тәртіп және отансүйгіштік қасиеттерінің айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1212383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді