
29 сәуір күні мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссия отырысында 2025 жылғы қала бюджетінің орындалуы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мен қалалық бөлімдердің есептері тыңдалды.
Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы Нұрсұлтан Садуахасов бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша баяндады. 2025 жылы қалалық бюджеттің түсімі 129,8 млрд.тг. құраған. Жыл басында 126 млрд.тг. болжам қойылып, осылайша орындалу 103%-ды құрап отыр.
Қалалық Кәсіпкерлік, Мемлекеттік сатып алулар, Экономика және қаржы бөлімдері 2025 жылғы бюджеттерінің орындалуы бойынша есеп берді.
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Амангүл Уристемованың ақпаратына сәйкес, бюджеттің шығыс бөлігі 97,3%-ға орындалып отыр. Қаражаттың толық игерілмеуінің себептері мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша үнемделуі, шарттық міндеттемелердің орындамауы және өндірістік кестенің кешігуі.
Отырыс барысында депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелері бюджеттік жоспарлау сапасын арттыруды, кірістерді болжау жұмыстарын күшейтуді, салықтық емес түсімдерді толық есепке алуды, сондай-ақ бюджет қаражатын игеруді бақылау бойынша жауапкершілікті күшейтуді ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1212435?lang=kk

Жауап қалдыру