Елордада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында жас жол инспекторларының байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға «Алматы» ауданының сегіз мектебінің оқушылары қатысты. Әр мектепте жұмыс істейтін жас жол инспекторлары жасақтары арасында аталған байқау ұйымдастырылды. Өткізу алаңы ретінде №114 жалпы білім беретін мектеп таңдалды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Жол қозғалысы ережелерін оқып-үйренуге тарту және балалар арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу. Ойын әрі жарыс форматында балаларға жолдағы қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі қағидалары еске салынды, теориялық білімдері бекітіліп, практикалық дағдылары пысықталды.
Байқау аясында қатысушылар Жол қозғалысы ережелерін білу бойынша сайысып, жол қозғалысын реттеу дағдыларын көрсетті, мектеп жасақтары арасында саптық байқауға қатысып, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінен өтті.
Сайыс қорытындысы бойынша №30 мектеп-гимназиясының командасы жеңімпаз атанып, аудан атынан қалалық кезеңде бақ сынайтын болады.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Елорда полициясы ұйымдастырған іс-шара қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, жас ұрпақ арасында жолдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы жүйелі жұмыстың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1212614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді