КЕНТАУДА НӨСЕР ЖАУЫН САЛДАРЫНЫҢ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Кентау қаласы аумағында қысқа мерзім ішінде толассыз жауған нөсер жауын салдарынан бірқатар көшелерде жаңбыр суының жиналуы тіркелді. Сонымен қатар, көшелерде, аула аумақтарында, жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарда су басу фактілері орын алды.

Аталған жағдайға байланысты коммуналдық мекемелер мен төтенше жағдайлар бөлімі күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

Қазіргі уақытта су басу салдарын жою жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы органдар және коммуналдық мекемелер жұмылдырылып, 100 ден аса адам тартылды. 15 мотопомпа, 10 техника жұмыс жүргізуде.

Жағдай қала басшылығының тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1212838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді