Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілі әйелдер еңбегін қорғау мәселелері бойынша халықаралық дөңгелек үстелде сөз сөйледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің еңбек заңнамасын бақылау басқармасының басшысы Мукушев Жанболат Камалиевич ТМД Атқарушы комитеті ұйымдастырған «Әйелдер еңбегін қорғау» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шара ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Минск қаласында гибридті форматта өтті.

Дөңгелек үстел барысында ТМД елдерінде әйелдер еңбегін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін жаңа әдістер мен технологияларды енгізу, сондай-ақ әйелдер еңбегін реттеудің ерекшеліктері талқыланды.

Іс-шара аясында Жанболат Камалиевич баяндама жасап, Қазақстан Республикасында еңбек заңнамасын жетілдіру, жұмыс істейтін әйелдердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бақылау тәжірибесі туралы баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit/press/news/details/1212257?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді