
2026 жылғы 29 сәуірде Әділет министрлігінде әділет вице-министрі Л.К. Мерсалимованың төрағалығымен мемлекеттік органдардың заң қызметтері үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Конституцияны нормативтік іске асыру мәселелері қаралды. Негізгі заң «адам үшін мемлекет» қағидатына негізделген мемлекеттік басқарудың адамға бағдарланған моделіне көшуді бекіткені атап өтілді.
Конституцияны нормативтік іске асыру кешенді сипатқа ие және барлық мемлекеттік органдардың үйлестірілген іс-қимылдарын талап етеді, бұл жаңартылған құқықтық жүйенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1212711?lang=kk

Жауап қалдыру