
Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесінің бастығы, полиция майоры А. Шахаев, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капитаны Р. Калубаева және ҚАЖД инспектор-психологы, әділет аға лейтенанты Өтеген Ақүлбір Қайратқызы бірлесіп, аудандық әкімдік аппараты қызметкерлеріне арналған «Қызметкерлердің қауіпсіздікке дайындық деңгейін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу, келушілер арасында психологиялық тұрақсыздық белгілері бар тұлғаларды ерте кезеңде анықтау және мұндай жағдайларда тиімді әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ психологиялық бағыттағы тренингтер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, интернет-алаяқтық, есірткі қылмыстары және ұрлықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Бұдан бөлек, отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккен отбасыларға көрсетілетін көмек және құқықтық қолдау шаралары бойынша маңызды ақпарат берілді.
Дөңгелек үстел мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DXwHqK9MN0l/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1212703?lang=kk

Жауап қалдыру