«Нұра» ауданына жаңа мектеп

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ. Қ. Құлжанова» өтініші бойынша Қ. Мұхамедханов, Ш. Айтматов көшелерінің, Қорғалжын тас жолының ауданы мекенжайында мектеп салу үшін егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылау өтті.

Жер телімінің жалпы ауданы – 1,5 га (Университеттің жеке меншігінде)

Мектептің жалпы ауданы – 7 400 м2

Құрылыс ауданы – 2 580 м²

Көгалдандыру ауданы – 6 334 м2

Мектеп қабаттылығы – 3

Барлық инженерлік желілер университеттен өткізілген.

Мектеп 900 оқушыға арналмақ (бір ауысым)

Қоғамдық талқылауға қатысушылар аталмыш ауданда мектеп санының аздығын алға тартып, жаңа білім ордасының пайда болуына ризашылықтарын білдірді. 

Ақылы бола ма деген сауалға өтініш беруші ұйымның өкілі бұл мәселенің әлі де келісу сатысында екенін жеткізді. Ақылы болған жағдайда да оқу құны тұрғындардың қалтасына салмақ салмайтындай, 150 000 – 200 000 теңге аралығында болады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, оқушылардың белгілі бір пайызын ақысыз негізде қабылдау мүмкіндігі де қарастырылуда. Мектеп IT бағыты бойынша, STEM бағдарламасы негізінде білім бермек. 

 

Қоғамдық талқылаудың алдын ала қорытындысы бойынша, жоба қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Қорытынды хаттама екі жұмыс күні ішінде Басқарманың ресми сайтында жарияланып, өткізілген іс – шара туралы толық ақпаратпен танысуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/press/news/details/1212487?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді