ОБЪЯВЛЕНИЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 15 сәуір күні сағат 14:00-де Мәртөк ауданы әкімінің төрағалығымен аудандық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтеді.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және есірткі айналымына қарсы күрес (тарату, жарнама, интернет арқылы сату).
    Баяндамашы: Мәртөк аудандық полиция бөлімі.
  2. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру және сәйкестендірілмеген жануарларды анықтау мен есепке алу және мал ұрлығының алдын алу туралы.
    Баяндамашы: Мәртөк аудандық полиция бөлімі.
    Қосымша баяндамашылар: аудандық ветеринариялық станса, ауылдық округ әкімдері.
  3. Жазғы және каникулдық кезеңде кәмелетке толмағандар арасында скутерлерді, мопедтерді, мотоциклдерді және өзге де көлік құралдарын басқаруға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
    Баяндамашылар: Мәртөк аудандық полиция бөлімі.
    Қосымша баяндамашы: аудандық білім бөлімі басшысы А. Есеналин.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1212153?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді