Өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 28 сәуірде Жаныбек Кабдуллинның төрағалығымен Семей қаласы мәслихатының өндірістік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

 Отырысқа комиссия мүшелерімен қатар тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және «Семей Тазалық» ЖШС өкілдері қатысты.

Отырыс барысында тұрғын үйлердің қасбеттерінің жай-күйі мен оларды жөндеу, автомобиль жолдарын асфальттау жұмыстарының барысы мен сапасы, сондай-ақ аумақтарды абаттандыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Комсомол және Ұшақтар ауданынан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және шығару жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері бойынша «Семей Тазалық» ЖШС директорының ақпараты тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия тиісті қаулы қабылдады. Қабылданған қаулы аясында уәкілетті органдарға 2026 жылы жөндеуге жататын көшелер мен аулалардың тісбесін, қасбеттері жөнделетін аулалардың тізбесін және апатты тұрғын үйлердің өзекті тізімдерін мәслихатқа ұсыну тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1212531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді