
Департамент басшысы Гулнара Сарсенгалиева 27 сәуірде Ақтөбе облысы әкімі аппаратының отырысында өңірдегі білім сапасының мәселесі бойынша баяндама жасады.
🔗Баяндама барысында мониторингтің негізгі нәтижелері ұсынылып, білім сапасына әсер ететін жүйелі мәселелер айқындалды. Оқушылардың оқу жетістіктері, педагог кадрлардың әлеуеті және мектепішілік бақылаудың тиімділігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ аудандар арасындағы айырмашылықтарға тоқталып, артта қалған мектептермен нысаналы жұмыс жүргізу қажеттігі және білім беру ұйымдары басшыларының қорытынды нәтижеге жауапкершілігін күшейту мәселелері көтерілді.
📌Нақты ұсыныстар берілді:
— мектеп деңгейінде талдау жұмыстарын күшейту;
— педагогтердің кәсіби құзыреттерін дамыту арқылы оқыту сапасын арттыру;
— оқушылардың білімін бағалау тетіктерін жетілдіру;
— деректерге негізделген басқарушылық шешімдерді енгізу.
📚Білім сапасын арттыру – басым бағыттардың бірі және барлық деңгейде жүйелі, үйлестірілген жұмысты талап етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aktobe/press/news/details/1212683?lang=kk

Жауап қалдыру