
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту шеңберінде реформаларды тұрақты негізде жүргізуде.
Аталған шаралар Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы аясында іске асырылуда. Бұл құжат 2024 жылы бекітілген.
Негізгі мақсат – адамның нақты қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту техникалық құралдарымен (ОТҚ) қамтамасыз ету тәртібін реттейтін бұйрықтарға өзгерістер енгізілді.
Инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі негізгі өзгеріс – ОТҚ құнын қалыптастыру процесін толық цифрландыру және адами факторды болдырмау.
Бұрын кепілдендірілген сома алдыңғы қаржы жылындағы орташа баға көрсеткіштері негізінде үш дереккөз бойынша комиссия арқылы анықталатын: Әлеуметтік қызметтер порталының деректері, мемлекеттік сатып алулар және әлеуетті жеткізушілердің коммерциялық ұсыныстары.
Жаңа әдістеме бойынша кепілдендірілген сома Әлеуметтік қызметтер порталы мен электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептеледі. Бұл ашықтықты, объективтілікті және бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді.
Іс жүзінде бұл теңгерімсіздіктерді жоюға мүмкіндік берді.
Мысалы, электрондық дүкенде мүгедектер арбасының құны шамамен 200 мың теңге болса, бұрынғы тәсілдер кезінде оның бағасы Әлеуметтік қызметтер порталында 400–500 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін еді. Қазіргі таңда жүйе артық төлемсіз, әділ нарықтық бағаға бағдарланады.
Бұл ретте, мемлекет адамдардан үнемдеп отырған жоқ – ол негізсіз шығындарды жою арқылы мұқтаж азаматтарды сапалы ОТҚ-мен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өту маңызды.
Босатылған қаражаттар жүйені дамытуға, оның ішінде оңалтудың тиімділігі мен қалпына келу жылдамдығын арттыратын заманауи, технологиялық және қымбат құралдарды енгізуге бағытталуда.
Жаңа тәсілдер әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығы арқылы іске асырылуда – бұл халықты әлеуметтік қорғау саласында заманауи шешімдерді енгізетін арнайы алаң екенін қосымша хабарлаймыз.
Бүгінгі таңда Павлодар және Қызылорда облыстарында, Абай облысында, сондай-ақ Шымкент қаласында оң нәтижелер көрсетіп отырған «Үйдегі оңалту» жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы оны кеңейту жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-astana/press/news/details/1212367?lang=kk

Жауап қалдыру