
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясының (ЖЭС) құрылысына ресми түрде старт берілді. Жобаны China Energy International Group компаниясы Самұрық-Энергомен бірлесіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісім аясында іске асыруда.
Жобаға 645 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ. ЖЭС-тің жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 1,6 млрд кВт·сағ «жасыл» энергияны құрайды. Нысанды пайдалануға беру 2029 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.
Жобаны іске асыру жыл сайын шамамен 1,3 млн тонна көмірқышқыл газының шығарылуын қысқартуға мүмкіндік береді, бұл айтарлықтай экологиялық әсер береді.
Жалпы алғанда, қазіргі таңда энергия сақтау жүйелерімен жабдықталған жел электр станциялары бойынша халықаралық әріптестікті нығайтуға ерекше назар аударылуда. Жамбыл облысында француз компаниясы TotalEnergies салатын қуаты 1 ГВт жел станциясының құрылысы басталды, ал Павлодар облысында State Power Investment Corporation компаниясымен бірлесіп осындай қуаттағы 1 ГВт жобаны іске асуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1212592?lang=kk

Жауап қалдыру