
Тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша тауарларды уақытша сақтау:
-уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;
-көлік құралы алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын үй-жайларда немесе ашық алаңдарда болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;
-алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында;
-алушы немесе өздерінің габариттері салдарынан 165-баптың 1-тармағында көрсетілген уақытша сақтау орындарда орналастыруға мүмкін болмайтын ірі габаритті тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға айқындаған орындарда көрсетілген тауарларды мұндай орындарда сақтау мүмкіндігін растайтын құжаттар ұсыныла отырып жүзеге асырылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1212260?lang=kk

Жауап қалдыру