Қамысты аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Осы жылдың 30 сәуірінде Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н.О.Ысқақовтың төрағалығымен Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілу арқылы ZOOM платформасында онлайн және офлайн режимінде сегізінші шақырылған Қамысты аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Кезектен тыс сессияда 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті нақтылау, Қамысты ауданының 2026-2030 жылдарға арналған дамыту жоспарына өзегрістер енгізу мәселесі бойынша Қамысты ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы баяндама жасады
Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты аудандық мәслихат депутаттары Қамысты ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамына және Қамысты ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына енгізілген өзгерістерді келісті.
Барлық қаралған мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kamysti/press/news/details/1212523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді