Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔸Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында 2026 жылдың 29 сәуірінде Әділет департаментінің қызметкерлері Лев Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасына барды.

🔹Іс-шара аясында өңірдегі этносаралық келісімді нығайтуға және халықтардың дәстүрлерін насихаттауға бағытталған мәдени кездесу ұйымдастырылды. Әртүрлі этнос өкілдері өз мәдениеті, салт-дәстүрі және ұлттық ерекшеліктері туралы айтып берді.

🔸Қонақтар сонымен қатар шығармашылық нөмірлерін көрсетіп, ұлттық аспаптарда музыкалық шығармалар орындап, ән айтып, халық өнерінің үлгілерімен бөлісті. Кездесу достық, өзара құрмет және бірлік атмосферасында өтті.

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1212306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді