
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды!
Жыл сайын 1 мамырда атап өтілетін бұл жарқын мереке – еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін келісімнің, өзара құрмет пен достықтың символы.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда бірлік пен келісім тұрақтылық пен дамудың берік негізі болып табылады. Дәл осы өзара түсіністік, дәстүрлерге құрмет және мәдени әралуандық қоғамымызды нығайтып, елдің өркендеуі үшін жағдай жасайды.
Осы айтулы күні барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және жарқын болашаққа сенім тілейміз. Әр шаңырақта тыныштық пен татулық орнасын, ал бірлігіміз жыл сайын нығая берсін. Ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1212749?lang=kk

Жауап қалдыру