Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Е. Л. Тұғжановтың Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына жұмыс сапары әлеуметтік-экономикалық жобалардың іске асырылу барысымен танысу және жергілікті бастамаларды қолдау аясында өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Сапар барысында делегация Серебрянск қаласына барып, биогумус өндіру үшін калифорниялық құрттарды өсірумен айналысатын жеке кәсіпкердің қызметімен танысты. Бұл жоба экологиялық таза ауыл шаруашылығын дамытуға және органикалық қалдықтарды тиімді пайдалануға бағытталған. Сондай-ақ өндірісті кеңейту перспективалары және оның топырақ құнарлылығын арттыруға қосатын үлесі талқыланды.
Бұдан әрі делегация «Ұлан Телеком» СПК-не барып, ауылдық елді мекендерді заманауи байланыс құралдарымен және интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстармен танысты. Мұндай бастамаларды жүзеге асыру цифрлық алшақтықты азайтуда және бизнесті дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарады.
Сонымен қатар делегация 2025 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген Полянское ауылындағы «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС-нің жаңа сүт-тауар фермасына (СТФ) барды. Ферма 1075 бас ірі қара малға арналған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1212500?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді