ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлері e-Otinish ақпараттық жүйесінің 5 жылдығына арналған конференцияға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара аясында ҚР Әділет вице-министрі Лаура Қанатқызы Мерсалимова баяндама жасады.
Вице-министр өз сөзінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануы азаматтардың өтініштеріне формалды жауап беруде олардың ұстанымын ескере отырып, мазмұнды қарауға көшуге құқықтық негіз болғанын атап өтті. Оның айтуынша, e-Otinish жүйесін енгізу ӘРПК нормаларын практикада іске асырудың логикалық жалғасы болды.
Вице-министр жүйенің азаматтардың өтініштерін кері байланыстың маңызды көзіне айналдырғанын, бұл әкімшілік тәжірибені жетілдіруге және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Конференция барысында қатысушылар e-Otinish жүйесінің даму жолын — бірыңғай платформа құру идеясынан бастап, оны енгізу және республика көлемінде кеңінен қолдануға дейінгі кезеңдерді талқылады. Бес жыл ішінде жүйе өтініштерді қараудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін тиімді құралға айналғаны айтылды.
Жеке сессия аясында Әділет министрлігінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдеріне арналған семинар өткізіп, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс нормаларын қолдану бойынша практикалық бөлім ұйымдастырды. Қатысушыларға шағымдану тәртібі, тыңдаулар өткізу және мерзімдерді есептеу секілді негізгі мәселелер түсіндірілді.
Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер ҚР Президентінің және Премьер-Министрдің орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жүйені одан әрі дамыту және әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталатыны атап өтілді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1212725?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді