
🔹2026 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасын қалыптастыру бойынша ашық талқылау алаңында дөңгелек үстел өтті.
🔹ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Н.Т. Еркебаев пен «AMANAT» партиясы Атырау облысы филиалының төрағасы Б.Т. Мырзагалиевтің төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге Атырау облысы Әділет департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Г.У. Кыстаубаева және барлық мемлекеттік мекеме басшылары, азаматтық қоғам институттары өкілдері қатысты.
✅Дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы А.Б. Абсиметов «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасы бойынша» баяндама оқыды.
✅Іс-шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, өзара пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1212729?lang=kk

Жауап қалдыру