Құрметті достар, әріптестер және ауданның тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – көпұлтты еліміздегі барлық этностар арасындағы татулықтың, өзара құрмет пен келісімнің жарқын белгісі. Бірлік пен тұрақтылық – Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуінің берік негізі.
Бүгінде бір-бірімізге деген сыйластықты, достықты және әр халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуді сақтау аса маңызды. Бұл құндылықтарды келер ұрпаққа жеткізу – ортақ міндетіміз.
Сіздерге зор денсаулық, амандық, әр шаңыраққа береке мен бірлік тілеймін! Еліміз әрдайым татулық пен түсіністік, сенім мен бірлік жолында дами берсін!
Мереке құтты болсын! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tayynshinskogo-rayona/press/news/details/1212553?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді